Алматы қаласындағы қарт адамдарға арналған үй — тәулік бойы қамқорлық пен қолдау
Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Қамқор" Әлеуметтік үйі" КММ
Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының екі әлеуметтік мекемесінің — "Қамқор" әлеуметтік үйі мен Алматы қаласының Отбасыны қолдау орталығының күш біріктіруімен өз қызмет алушылары үшін Наурыз мерекесіне арналған тамаша шара ұйымдастырылды.
Ұлттық әуендер мен жүрекке жылы тиетін әндерден құралған жарқын концерт көрермендерге қуаныш пен көктемгі жаңару сезімін сыйлады. Ал дәстүрлі Наурыз көже жайылған кең дастархан молшылық пен берекенің белгісіне айналды.
"Қамқор" әлеуметтік үйі — қарт адамдарға қамқорлық пен қолдау көрсететін, олардың өмірін сыйластық пен жылулыққа толтыратын мекеме.
Алматы қаласының Отбасыны қолдау орталығы — жаңа құрылған, әлеуметтік қорғау саласындағы негізгі институт. Ол отбасыларға өмірлік циклдің барлық кезеңдерінде қолдау көрсетеді. Орталықтың қызметі салдарымен күресуге емес, уязымдылықтың алдын алуға бағытталған. Бұл бағытта ерте кезеңде дағдарыстық жағдайларды анықтау, мобильді топтардың жұмысын үйлестіру және ведомствоаралық өзара әрекеттестік маңызды орын алады.
Мерекелік шараны ұйымдастыруға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Алматы қаласының Электро-механикалық колледжі, "Атамұра" аула клубы, сондай-ақ қазақ эстрадасының танымал әншілері мен шығармашылық би ұжымы белсене атсалысты.
Бұл мекемелер мен ұжымдар бірлесе отырып, қоғамдағы ең мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, жылулық пен қайырымдылыққа толы орта қалыптастыруға үлкен үлес қосып келеді.
Наурыз мерекесі құтты болсын! Көктем әр шаңыраққа жылулық, үміт пен бақыт әкелсін!
© 2025 Digital IT Hub
All Rights Reserved.