Skip to main content
Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +7 727 338 54 02

«Қамқор» әлеуметтік үйі — жанашырлықпен жасалған қамқорлық

Алматы қаласындағы қарт адамдарға арналған үй — тәулік бойы қамқорлық пен қолдау

Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Қамқор» Әлеуметтік үйі» КММ-деСыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді бастау туралы

Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Қамқор» Әлеуметтік үйі» КММ (бұдан әрі - Әлеуметтік үй) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес 2025 жылғы 09 маусым мен 2025 жылғы 09 шілде аралығында Әлеуметтік үйдің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мынадай бағыттар бойынша жоспарланып отырғанын хабарлайды:

  • персоналды басқаруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырайтын лауазымдарды анықтау;
  • мүдделер қақтығысына көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • бюджет және қаржы қаражатын игеруге және бөлуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасуға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • ұйымдық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талданып отырған саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар болған жағдайда, 2025 жылғы 09 шілдеге дейін ақпаратты socdom-socdom@bk.ru электрондық поштасына, WatsApp +7 777-515-10-05 нөміріне жіберуді немесе 050046, Алматы қаласы, Нұрғиса Тілендиев көшесі, 256/1 мекенжайы бойынша директордың орынбасарына жүгінуді сұраймыз.

Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады. Құпиялылыққа және жасырын болуға кепілдік беріледі.

Сұрақтар туындаған жағдайда: +7 777-515-10-05

«Қамқор» Әлеуметтік үйі» КММ-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспары